Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тасқа айналған тасбақа

Тасқа айналған тасбақа

Қытайда 228 млн жыл бұрын өмір сүрген тасбақаның сүйегі табылды.

Ғалымдар табылған тасбақаның жас мөлшері, шамамен 228 млн жыл деп болжап отыр. Сауыты сақталмаған тасбақаның ұзындығы 2 метр.

Ежелгі триас дәуірінің өкілі Гуйчжоу аймағының Гуаньлин уезінен табылған бұл тасбақаға ғалымдар «Тұмсығы бар алғашқы тасбақа» деген атау берді. «Қосмекенді эволюциясының күрделілігін байқауға болады. Тасбақа өзен жағасында мекен еткен және ін қазуға бейім болған», - дейді Қытай Ғылым академиясы палеоантропология институтының зерттеушісі Ли Чунь.

Қосмекенділердің бұл ерекше түрі ең ұзақ өмір сүретіндер қатарынан. Ол тым суық әрі шөлейт жерлерде мекендемейді. Ең негізгі ерекшелігі жауынан қорған болатын – сауытында. Сауыт екі бөліктен тұрады: арқа (карапакс) және қарын (пластрон) қалқаны. Ежелгі тасбақалардың тісі болған және басын сауыт ішіне жасыра алмайтын.

Ең қызықтысы – тасбақаның етін тағам ретінде қолданатындар да бар көрінеді. Теңізшілер оны «Тірі консерві» деп атайды екен. Бірақ, кейбір ақпараттар бойынша оның улы түрлері де жоқ емес.

Тасбақа көптеген ұлттың мәдени нышаны ретінде де белгілі. Сондай-ақ, жапон қыз-келіншектерінің шаш бұйымы – кандзасидің кейбір түрлері тасбақа сауытынан жасалады.