Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өнім үшін күрес жолындағы жаңа технологиялар

Өнім үшін күрес жолындағы жаңа технологиялар

А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасында «Нақты егіншіліктегі инновациялық технологиялар» конференциясы өтті.

Конференция барысында Премьер-министрдің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеев, Премьер-министрдің орынбасары А.К. Жұмағалиев, Парламент депутаттары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, салалық одақтар және бизнес өкілдері қатысты. Агроөнеркәсіпті цифрландыру – қарқынды дамудың кепілі, Елбасының жыл сайынғы Жолдауында міндеттелген АӨК-нің еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін кем дегенде 2.5 есеге арттырудың драйвері.

А. Жұмағалиев өзінің алғысөзінде жаңа технологияларды қолдану мен цифрландырудың оң нәтижелерге алып келерін атап өтті. Өнімнің өндірісі мен тиімділігі арта түседі. Бүгінде пилоттық режимде смарт фермалар, электрондық карталар және нақты егіншілік жұмыс жасауда. Алда шығынның 25-30% қысқарып, өнімділік 30-50% артады деген болжам бар. Цифрландыру аясында А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының тәжірибелік алқаптарында нақты егіншіліктегі алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар іске қосылуда.

Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осындай элементтерге алқаптардың электрондық картасы, нақты метеодеректер, сенсорлар мен датчиктер, ғарыштық мониторинг және т.б. шешімдер жатады. Мұндай технологияларды іске қосу сараланған енгізулердің есебінен тыңайтқыштарды және қорғау құралдарын тиімді пайдалануға, ауылшаруашылығы дақылдарын орташа есеппен 15%-ға жоғарылатуға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында цифрландыру АӨК-ні мемлекеттік реттеудің 4 бағытының дамуындағы басты құрал екені айтылды. Олар: АӨК субъектілерін қаражаттандырудың қол жетімділігі, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі, су және биоресурстарды тиімді басқару.

Премьер-министрдің орынбасары Ө.Е.Шөкеев нақты егіншіліктің бір бөлігі болып табылатын алқаптардың электрондық картасын құру аясында 23 млн гектар жер немесе жалпы егіс алқабының 95,9%-на есеп жүргізілгенін атап өтті.

Электрондық астық қолхаттарының жүйесіне мыналар енгізілді: астық балансының онлайн мониторингі, астық бағасы бойынша статистика, астық қабылдау пункттерінің рейтингі. Фермерлердің шығыны жылына 700 млн теңгеге дейін төмендеді. Биылғы жылы операциялардың қауіпсіз өтуі мақсатында «блокчейн» технологиясы енгізілді.

Жылдың соңына дейін 16 мемлекеттік қызметті, ал, 2022 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр. АӨК-ны цифрландыру бәсекеге қабілеттілік пен еңбек өнімділігін арттырып және де осы салаға инвестицияны тарта түседі.