Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Депрессия дегеніміз не?

Депрессия дегеніміз не?

Жаймашуақ жаз айлары көзді ашып жұмғанша өте шықты. Күзде күн шуағы азайып, қысқа қарай бейімделетін өтпелі кезеңде адам ағзасында да өзгерістер болады. Мəселен, нейтротрансмиттерлердің метобилзмінің бұзылуымен байланысты болатын күй – депрессиялық күйге түсу жиі болып жатады. Қазақ радиосы «Жан әлемі» бағдарламасының тақырыбы да күзгі хандра-депрессия тақырыбына арналды.

Депрессиялық күйге түсуден қорқудың қажеті жоқ. Бүгінде депрессияны емдеуге болады. Бұл диагнозды психияторлар, психотерапевтер қояды және дәрі-дәрмекпен, нақты айтқанда антидепрессанттармен емдейді. Психологтар психотерапия жүргізу арқылы көмек береді. Депрессиялық күйге қандайда бір себептермен, кейде себепсіз де қала тұрғындары, оның ішінде жасы 40 - тан асқандардың 10/1, ал 65 жастан асқандардың 3/1 осы күйге жиі түсуге бейім келеді. Ақпараттық ағын, күнделікті өмірдің қарқыны, материалдық қиындықтар, отбасындағы түрлі жағымсыз жағдайлар, жалғыздықта адамды жалықтырып, шаршатып аппатиялық күйге түсіріп, оның арты депрессияға əкеліп соқтырады. Біз тіптен жанымыздың ауырғанына мән бермей жүре беретін кездер де болатыны рас. Оның арты түрлі дене ауруларына алып келуі мүмкін.

Депрессияның түрлері өте көп: Невротикалық, психогендік, эндогендік, циркулярлық және т.б. бірнеше түрі бар.

«Депрессиялық күйде жүргенімді қайдан білуге болады?»,- деген сұрақтар адамда жиі туындайды. Депрессия кезінде адамның ұйқысы бұзылады, тәбеті қашады немесе артады, көңіл күйі өзгергіш келеді, ешкіммен араласқысы келмей, жалғыз, тыныштықта болуды қалайды, ойлау қабілеті нашарлайды, дене қозғалысы баяулайды, өзінің эмоциясын бағындыра алмай, тіптен өзіне қол жүмсауы да мүмкін.

Бұл күйден шығу үшін дер кезінде кәсіби мамандарға барғаныңыз жөн. Көңіл күйіңіздің түсіп, еңсеңіздің көтерілмей жүргенін сезінсеңіз міндетті түрде мазалап жүрген ойларды жақындарыңызбен, достарыңызбен бөліскеніңіз абзал. Жақындарыңызбен кездесіп, ән, би, поэзия кештерін ұйымдастырып, арнайы көңіл көтеретін орындарға барып тұрған жөн. Күнде таза ауада серуендеуді әдетке айналдыру – жанға да, тәнге де пайдалы.