Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қала әкімі қаланы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді

Қала әкімі қаланы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді

Аппарат мәжілісінде қала әкімі қаланы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді.  

Қаланы дамытудың жаңа үлгісін енгізу және инновацияларды ілгерілету, креативті адамдар санын көбейту үшін қолайлы орта құру 2050 жылға дейін қаланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді талап етеді. Жаңа стратегияны құру жөніндегі тапсырманы Мемлекет басшысы 2018 жылдың 11 қыркүйегінде берген. Әкім қазіргі ахуалға кешенді түрде талдау өткізіп, стратегиялық мақсатты анықтауды тапсырды: яғни өмір сапасын арттыру, қалалық ортаның үйлесімділігі, тұрақты экономикалық өсім, ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.

«Елорданың жаңа үлгісі «Астана» халықаралық қаржы орталығын астананы дамытуда іскер қаржылық хабы ретінде қосуы керек. Сонымен қатар, бұл бағыт туризм саласын кеңейту бойынша жұмысты күшейте түсуді талап етеді. «Осыған байланысты, туризм саласында алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайтуды тапсырамын. Туризм саласында қызмет көрсету сервисінің сапасын халықаралық стандарттарға көтеру өте маңызды», – деді қала әкімі.

Әсіресе, қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін жасалатын игіліктерге ерекше көңіл бөлу тапсырылды: абаттандыру, әлеуметтік объектілерді салу, тұрғын үй құрылысы. Б. Сұлтанов осы жылы жоспарланған жалпы алаңы 2300 шаршы метрден кем емес тұрғын үйлерді пайдалануға беруді тапсырды. (Жыл басынан пайдалануға 1699,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді). «Мемлекет басшысы әкімдіктің жұмысы бес әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталуы керек, деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.