Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлихан Смайылов қаржы министрі болып тағайындалды

Әлихан Смайылов қаржы министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметін атқарған Әлихан Асханұлы Смайылов қаржы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты. 

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы туған. Ол 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде қолданбалы математика мамандығы бойынша білім алған. Ал, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.  

Сондай-ақ, 1993-1995 жылдары «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы, 1996-1998 жылдары ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 1998 жылдың наурызы мен сәуірі аралығында ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары, 1998-1999 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, 1999-2003 жылдары ҚР Статиститка агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.  

Сондай-ақ, 2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында ҚР Сыртқы істер вице-министрі, 2003-2006 жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы, 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі, 2007-2008 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті, 2008-2009 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді. Ал, 2009-2014 жылдары ҚР Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы, 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы қызметін атқарып, 2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған еді. 

Әлихан Асханұлы Смайылов «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.