Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жұлдызай Дүйсенбиева: Домбырамен сахнаға шығуға қорқамын

Жұлдызай Дүйсенбиева: Домбырамен сахнаға шығуға қорқамын

Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілікке актриса ретінде таныc. Бірақ ол өнер жолын күйшіліктен бастаған.

Бұл туралы Жұлдызай Шалқар радиосындағы «Таңжарық» бағдарламасында айтты.

«Театрда өнер көрсетемін деген ойым болған жоқ. Дегенмен, өнерге құр алақан келмедім. Музыка мектебінде оқып, домбыра сыныбында білім алдым. Күйші боламын деген арманым болған. Бірақ, ата-анам колледжге түсуге қарсылық білдірді. ҚР халық әртiсi Райымбек Сейітметов ұстазымыз Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен «Өнер» факультетін ашқан екен. Домбырашы ретінде бағымды сынап көріп едім, алайда, бағыма бұйырғаны актрисалық жол екен. Күйші Жұлдызай ретінде сахнаға шыққым келеді, бірақ қорқамын»,- дейді бағдарлама қонағы.

Бүгінде актриса талабы бар балаларды сахна өнеріне баулып жүр.

Қазіргі таңда оның Тараз, Алматы, Астана қалаларынды «Жұлдызай жұлдыздары» атты өнер мектебі бар.