Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тиімді демалыс

Тиімді демалыс

Сенбі-жексенбі күнгі демалысыңыз тиімді өтсін десеңіз, келесі ақпаратқа назар аударыңыз.

АСТАНА:

Би жарыс

22-23 қыркүйек 10:00 - 16:00



Демалысыңыз көңілді өтсін десеңіз, бишілер арасында өтетін екі күндік байқаудың көрермені болыңыз. Өнерпаздар бірнеше би түрі бойынша бақ сынайды.

Мекенжайы: Жерұйық саябағы

Кіру: тегін

ПИКНИК «Искры и канкан» тобы Астанада

23 қыркүйек 20:00



Бұл топтың сахнаға шыққанда көрсететін өнері әрдайым шынайы әрі сиқыр мен жұмбақ атмосфераға толы.

Мекенжайы: Қонаев көшесі 4, ҚазМедиа орталығы

Кіру: 6000 теңгеден басталады

Family Fest

23 қыркүйек 16:00



Отбасы күніне орай ұйымдастырылатын латын америкалықтардың кешіне келіңіз. Шарада маэстро Антонионың қатысуымен ән мен бидің шеберлік сабақтары өтеді.

Мекенжайы: MEGA Silk Way

Кіру: тегін

АЛМАТЫ:

Кітап алмасудың күзгі маусымы

23 қыркүйек 12:00



Book Club Almaty клубы кітап алмасудың күзгі маусымына шақырады.

Кітап алмасу бағдарламасы:

11:00-12:00 – ұйымдастырушылар кітаптарды қабылдайды. Кітаптарды тапсырғаннан кейін, өткізген кітаптарыңыздың саны көрсетілген билетті аласыз.

12:00-12:15 – сыйлықтар ойнатылады

12:15-13:00 – кітап алмасу. Сіз қанша кітап алып келсеңіз, сонша кітап алып кете аласыз.

Мекенжайы: Moskva Metropolitan, 8-ші шағын аудан, 37В

Кіру: тегін

Байланыс телефондары: +7 707 171 37 70, +7 701 644 45 66


Плей-ОФФ. ХК Алматы — ХК Арлан

21 қыркүйек 19: 00

22 қыркүйек 17: 00



2018-2019 шайбалы хоккей маусымының ерлер командалары арасындағы ҚР ашық чемпионатының бірінші кезеңі «Халық Арена» мұз айдынында басталады.

Жұма және сенбі күндері «Алматы – Арлан» хоккей клубтары арасындағы кездесуді тамашалай аласыз.

Мекенжайы: Халық Арена, Кульжинский тракт 2Д

Кіру: 300 теңге

ШЫМКЕНТ:

Кино викторина

22 қыркүйек 19:00  


Егер, фильм көруді ұнатсаңыз, «Звездные войны» және «Звездный путь» кинокартиналарын білсеңіз, Хавьера Бардемнен Джефри Дин Морганды ажырата алсаңыз және әлемдік блокбастерлерді көрсеңіз, онда, бұл Кино Викторинасы сізге арналған. ⠀

Кино Викторина – кино, сериал және мультфильмдер арасындағы ауызша немесе жазбаша сұрақтарға жауап беретін ойын.

Ойын 4 кезеңнен тұрады. Ойын соңында ұпай сандары есептеледі.

Мекенжайы: Асқаров көшесі 1, Chaplin’s Coffee House

Кіру: тегін

Байланыс телефоны: +7 771 052 62 87


Отбасылық Bope Fair фестивалі

22-23 қыркүйек 10:00-ден 19:00-ге дейін


Шымкентте 22-23 қыркүйек күндері Bope Fair отбасылық фестивалі өткізіледі.

Барлығы отбасы үшін, махаббат үшін, тек бақыт әкелетін сәттер үшін! Ұйымдастырушылар келушілерге мол әсер сыйлайтын ойын-сауық түрлерін дайындап отыр.

Мекенжайы: Желтоқсан көшесі 3/8, «Ингольштадт» дәмханасы

Кіру: тегін

Байланыс телефоны: +7 707 224 62 32

ФК «Ордабасы» — ФК «Иртыш»

22 қыркүйек 19:00

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының XXVII туры.

Турнирлік кестеде «Ордабасы» командасы төртінші орында келе жатса, «Ертіс» футбол клубы – соңғы, 12-орында. Командаңа қолдау көрсет!

Мекенжайы: Мәделі Қожа көшесі 1, Қажымұқан орталық стадионы

Кіру: 200-500 теңге.