Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 67%-ға артты

Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 67%-ға артты

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірігіп қазақстандық делегацияның Тбилиси қаласындағы сауда-экономикалық миссиясы аясында бизнес-форум ұйымдастырады.  

Форумның негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен потенциалды грузиялық сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату, сауда қатынасын іске қосу. Қазақстандық делегацияның құрамында тау-кен, құрылыс және машина жасау салаларындағы ірі компаниялар бар. 

Сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстанның Сыртқы палатасы мен Грузияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Меморандумға қол қою жоспарланған.  

Бүгінде Қазақстан Грузияға мұнай өнімдерін, азот тыңайтқышын, макарон өнімдерін, темірден жазық прокат, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмек экспорттайды. Грузиядан Қазақстанға импортталатын тауарларға шарап, алкольсіз сусындар мен сулар, спирттік тұндырма, металл құбырлар, вакциналар, сүт пен қойылтылған кілегей жатады.  

Өткен жылы өзара сауданың өсу қарқыны ұлғая түскен. Осылайша, 2018 жылғы қаңтар мен шілде айларының аралығындағы нәтижелерге сәйкес, Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 67%-ға өсіп, 77 млн теңгені құрады.