Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғаламдық жылыну мәселесі

Ғаламдық жылыну мәселесі

Қазақ радиосындағы «Ғалам» ғылыми-танымдық радиохабарының кезекті санында «ғаламдық жылыну деген не, ол қандай жағдайда орын алады, оны тоқтатудың жолдары бар ма?» деген сұрақтарға жауап ізделді.  

Кейінгі жылдары ғаламдық жылу жер бетіндегі ең өзекті мәселеге айналып отыр. Ол бекер емес. Себебі, ғаламдық жылынудың салдары мыңдаған адамдың баспанасыз қалып, миллиондаған жан-жануарлардың аштан қырылуына әкеп соқтыруда.

БҰҰ-ның «Даму бағдарламасы» келтірген мә¬ліметтерге қарағанда, әлем халықтары қазіргі заманғы климаттық ө第герістерге тосқауыл қоюға тырыспаса, алдағы онжылдықта 1,3 млрд адам экологиялық босқынға айналса, 2 млрд адам тұщы су тапшылығынан зардап шегуі мүм¬кін. Ең басты қауіп – Гренландия мен Антарктиданы басып жатқан мұз қабаттары толықтай еритін болса, ондағы мұздықтар теңіз деңгейін 70 метрге дейін көтеріп жібереді деген болжам бар.

Жер бетін топансу басу оқиғалары 125 мың жыл бұрын болған. Ол кезде теңіз деңгейі 7 метрге дейін көтерілген екен. Бүгінде мұндай жағдай орын ала қалса жағалауларда орналасқан мыңдаған қалалар судың астында қалып қоюы бек мүмкін. Себебі, жер бетіндегі бүгінгі адам саны ол кездегімен салыстыруға да келмейді.

Ал енді ғаламдық жылынудың белгілеріне тоқталсақ. Бірінші: жер беті қалыпты деңгейден 1, 2 градусқа жылыған жағдайда қысты күндері күн бірден суытып, аязды күндер ұзақ тұратын болса, жазда аптап ыстық орын алады. Екінші: бір тәулік ішінде ауа температурасы + 20-дан, -10 градусқа дейін күрт өзгеруі жиілейді. Күннің бір ысып, бір сууы, әрине, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзып қана қоймай, адамдармен бірге жан-жануарлар әлемін де орасан зор шығынға ұшыратады.

Кезінде БҰҰ бас хатшысы болған Пан Ги Мун Оң¬түс¬тік Кореядағы Инчхон қаласында өткен экологиялық форумында былай деген:

«Болашақта жер шарын алапат қуаңшылық, тасқын су күтіп тұр. Ол факт. Ондай жағдай 2012-13 жылдан бері қатты байқалуда. Қазіргі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойын¬ша, атмосферадағы оттегі түгелімен өсім¬діктер фотосинтезі нәтижесінде жинақталған. Мы¬¬салы, құрлықтағы өсімдіктер жамылғы¬сы¬ның фотосинтезі нәтижесінде атмосфераға жылына 280-320 млрд тонна оттегі қосылады. Оның 80-85% мөлшері биосферадағы тірі организмдердің, соның ішінде адамдардың тыныс алуына жұмсалса, ал, оның 10%-ы, яғни, 28-32 млрд тонна оттегі өнім өндіру барысында жағылады екен. Ал өндіріс, көлік пен ауыл шаруашылығы саласы қазіргідей деңгейде да¬ми беретін болса, жылына 58-64 млрд тон¬на оттегі жағылады. Өкініштісі, сол шығарылған оттегі қайта қалпына келмейд және оның мөлшері жыл өткен сайын азая береді. Егер жақын болашақта энергия көздерін алуға шектеу қойылмаса, жер бетіндегі оттегі мөлшері 21%-дан 8%-ға дейін азайып кетеді деген болжам бар. Ал, бұл ең алдымен сүтқоректі жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Атмосферадағы оттегі мөл¬ше¬рі 12%-ға дейін төмендеген жағдайда адамдардың тынысы тарылып, есінен танып құлау оқиғалары жиілейтін болады. Сондықтан, біз «қолда бар алтынның қадірін білуіміз керек».

Естеріңізде болса 2012 жылы АҚШ-тың шығыс жағалауында «Сэнди» дауылы тұрып, аймақтың астан-кестеңін шығарған. Сол кезде 72 адам ажал құшса, 6 миллион тұрғын жарықсыз қалған. Ал, экономикалық шығын көлемі 30 миллиард долларға жеткен. Бұл дауылға қатысты бір ғана мысал. Одан бөлек күн сайын жер бетінде орта есеппен 40 мың адам аштықтан жан тапсырады. Оған әрине ғаламдық жылынудың да әсері бар.

Атмосферадағы ауаның ластануына зауыттардан шығатын түрлі улы газдар, күкірт пен азот оксидтерінен бөлек, көліктен бөлінетін түтіннің де ықпалы зор. Осыны ескерген экологтар әлем халықтарына үйді жылытуда да, көлік жүргізуде де баламалы энергия көздері, яғни, күн мен желден қуат қондырғыларға тезірек көшуді ұсынып отыр. Олай болмаған жағдайда ғаламдық жылыну процесі жылдам жүруі мүмкін екенін ескертеді.

Экологтар жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде кл謬маттың ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жыл¬дары басталса, 2010-2011 жылдары қайталанғанын, ал 2012-2013 жылдардан бастап климаттың жы¬лы-құрғақ кезеңі басталғанын айтады. «Және ол ұзақ жылдарға со¬зы¬ла¬ды», - дейді олар.

Қазақстандық ғалым, биология ғылымдарының докторы Келіс Жайлыбай мынадай дерек келтіріп отыр. «Алатау етегінде орналасқан Алматы қаласында қуаңшылық жағдайдың максимальды әсер¬лі ке¬зеңі 2018-2021 және 2026-2035 жылдар аралығында болады. Ал, республика бойынша климаттың куаңшылыққа ұшырауы тұщы су тапшылығын туындатып, жаз айларында аптап ыс¬тық күндер ұзақ уақыт сақталатындықтан дала өрті мен орман өрті жиілейді. Ал, мұның барлығы сайып келгенде әлеуметтік қиындықтар туғызып көп мөлшерде шығынға ұшыратуы мүмкін».

Ол үшін не істемек керек. Ол үшін ең алдымен ел аумағындағы құм көшін тоқтату үшін сексеуіл, жыңғыл секілді ыстыққа төзімді ағаштарды егуді жеделдету керек. Сор басқан жайылымдардағы топырақтың құнарын арттыратын шөп түрлерін егу, ағаш отырғызу жұмыстарын үдете түсу және бау-бақшалар аумағын кеңіту. Бұл салада қазақ елі ешбір елден кем түспейді. Біздің елімізде көшет отырғызумен айналысатын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының құрылғанына да биыл 13 жыл толды. Жыл сайын Астананың айналасы орманды алқапқа айналып келеді. Қазіргі таңда елорданың жасыл белдеуінің жалпы көлемі – 14 мың 827 гектар, оның ішінде 11 502 гектары орманды алқап. Аталған аймақта бүгінде 9,6 миллион ағаш пен 1,8 млн жуық бұта өсіп тұр.

Өкініштісі, экологияны сауықтыру жұмыстары әлемнің барлық елінде бірдей жүріп жатыр деп айта алмаймыз. Мәселен, «жер шарының өкпесі» саналатын Ама¬зонка өзені жағасындағы тропикалық ну ор¬мандардың алаңы тек 2011 жылдың өзінде ғана 593 шаршы шақырымға қысқарған және ондай жағдай Азия, Солтүстік Америка мен Ресейдің солтүс¬ті¬гін¬дегі тайгада да қайталануда. Егер де ағаштардың оталуы осындай қарқынмен жалғасатын болса, онда алдағы 40-45 жылдан кейін жер бетінде оттегі тапшылығының орын алатыны сөзсіз.

Анықтама үшін айта кетейік, бір арша ағашының фо¬то¬синтезі нәтижесінде шығарылған оттегімен 20 - 25 адам жыл бойы тыныстаса, ал, жетілген бір емен ағашының көктемнен күзге дейін бөлген оттегі мқдшері 40-45 адамның жаз бойы тыныстауына жетеді екен.