Бүгін – кофе күні

Кофе – ең көп сұранысқа ие сусындардың бірі. Қайталанбас иісі мен тіл үйірер дәмі бар сусын күні жекелей мереке ретінде 2015 жылдан бері 1 қазанда дүниежүзі бойынша атап өтіледі.
Ең алғаш ресми мерекелік шаралар Жапонияда 1983 жылы жергілікті кофе қауымдастықтарының бастамасымен ұйымдастырылды. Кофе күніне орай, бірнеше қызықты дерек ұсынамыз:
1. Кофе ағашының биіктігі 9 м-ден асады.
2. Кофе ағашы 60-70 жыл өмір сүреді.
3. «Американо» Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған. Себебі, әскерлер еуропалық қою кофені іше алмағандықтан, оған су қосып тұтынған.
4. Кофені ең көп тұтынушылар Финляндияда, бір адам күніне орта есеппен 5 шынаяқ кофе ішеді.
5. Жапония әлемде кофе сусынын тұтушылар жөнінен 3-ші орында.
6. Кофенің құрамында 800 ароматты қоспа бар.
7. Кофе әлемдік рейтингте сұранысқа ие тауар, себебі мұнайдан кейінгі 2-ші орынды иеленген.
8. Кофе тістегі бактериялардың эмальды жеміруіне қарсы көмектеседі.
9. Италиялықтар кофені қантпен, мексикалықтар корицамен, немістер мен швейцариялықтар ыстық шоколадпен, белгиялықтар шоколадпен ішеді. Эфиопиялықтар кофеге тұз, мароккалықтар бұрыш қосып, тұтынады.
Ал, Қазақстанда жылына 10,1 млн кг кофе тұтынылады, яғни, 1 адамға 0,56 кг-нан келеді, ал, ол 70 шынаяқ кофеге тең. Бір шынаяқ кофе дайындау үшін шамамен 8 гр кофе қажет.
Бір шынаяқ кофесі ең арзан елдер:
Болгария – 1,31$
Мысыр – 1,37$
Португалия және Колумбия – 1,42$
Бір шынаяқ кофесі ең қымбат елдер:
Дания – 5,33$
Исландия – 5,16$
Катар – 4,97$