Төреғали Төреәлі – «Тағы да сүй»

Жалғыз көшемде,
Жүрмін десең де,
Өкпелесең де,
Тағы да сүй.
Ұмытып өкпе мұңды,
Еске алып өткенімді .
Тағы да сүй мені,
Өткізбей текке өмірді.
Қайырмасы:
Тағы да сүй, тағы сүй мені,
Үкілім-ау, үйдегі,
Саған деген сағыныш,
Бойымды биледі.
Тағы да сүй, тағы сүй жаным,
Жүрегіңнің мейманын.
Бақ қонар-ау, менсіз де,
Баяны беймәлім.
Жүрегің едім,
Жібегім едің.
Сүйемін дедің,
Ендеше сүй.
Бастадым бүгін бір ән,
Жаныңда жылынды жан.
Тағы да сүй мені,
Қатты сүй бұрынғыдан.
Қайырмасы:
Тағы да сүй, тағы сүй мені,
Үкілім-ау, үйдегі.
Саған деген сағыныш,
Бойымды биледі.
Тағы да сүй, тағы сүй жаным,
Жүрегіңнің мейманын.
Бақ қонар-ау,
менсіз де,
Баяны беймәлім.