Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұшқын Жамалбек – «Мен қазақтың баласы»

Ұшқын Жамалбек – «Мен қазақтың баласы»

Жау қолынан жыртылмаған жағасы,

Ат үстінде ғұмыр кешкен бабасы.

Теуіп қалса, темір үзіп кететін,

Қайсар туған мен қазақтың баласы.

Қайырмасы:

Жаратқан Алла панасы,

Есігі байтақ даласы.

Алашым деп аттанса,

Ешкімнің келмес шамасы.

Азаттығын, қазақ туын қорғаған, қолға алған,

Танысаңдар мен қазақтың баласы!

Жасытпаған дұшпанының жаласы,

Жыр-термеден табылатын дауасы.

Жанын берер, барын берер ел үшін, жер үшін,

Сертке мықты мен қазақтың баласы.

Топқа түссе тақымын қысар анасы,

Тулап кетсе, тасты үгітер тарасы.

Ел сенімін, ер сенімін ақтаған, сатпаған,

Отты жүрек мен қазақтың баласы!

Қайырмасы:

Жаратқан Алла панасы,

Есігі байтақ даласы.

Алашым деп аттанса,

Ешкімнің келмес шамасы.

Азаттығын, қазақ туын қорғаған, қолға алған,

Танысаңдар мен қазақтың баласы!