Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әншілер өздері ішіп жүрген құдыққа өздері түкіріп жүр

Әншілер өздері ішіп жүрген құдыққа өздері түкіріп жүр

«Сөйлемесе сөздің атасы өледі. Әңгімелерің шынайы болып жатқан жоқ. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген прициппен әріптестеріңді ренжіткің келмей отыр»,- деді Қазақ радиосының «Армандастар» хабарына келген әнші Жасұлан Базарбаевтың сұхбатына пікір білдірген тыңдарман.  

«Ашығын айтсақ, соңғы кездері әншілер тым еркелеп кетті. Оларды еркелетіп отырған халық. Халықтың арқасында жағдайын жасап, байып та жатыр. Түрлі көлік мініп, зәулім сарайлар салып жатқандарына бәріне белгілі. Бірақ, сол байлық халықтың арқасында келген ғой. Атын атамай-ақ қояйын, бірақ, кейбір жігіттер ақымақтық жасап жүр. Әншілер өздері ішіп жатқан құдыққа өздері түкіріп жатыр. Соларды көріп күйінемін. Биікке көтеріп отырған халыққа менсінбей қарап, жұлдызсымақ болып жүргендерге айтып отырмын. Халық солардың концертіне бармай қойса, тойына шақырмай қойса, сонда түсінер еді. Сол себепті еркелікті қойыңдар»,- деді тыңдарман.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.