Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дүйсенбек Қанатбаевтың «Алтын қордағы» дауысы

Дүйсенбек Қанатбаевтың «Алтын қордағы» дауысы

Дүйсенбек Қанатбаев поэтикасының өзегі – қоғамдағы өмір шындығы, қоңыр тіршілік, елдің ертеңі болатын. Ол қай тақырыпқа қалам тартса да бүкіл жан дүниесімен толғайтын-ды.

Дүйсенбек ақын Төлеген Айбергеновпен көп араласты. Ол жайында бірнеше мақала жазды, қазақ радиосына хабарлар дайындады. Жалпы Дүйсенбек Қанатбаев «Төлеген өлеңді жүрек қалауымен жазатын ақын»,-дегенді жиі айтушы еді.

Поэзия – қасиетті ұғым. Ол – адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Поэзия тек қана ішкі дүние ғана емес, адам жанының алаулаған алтын жалыны емес пе. Дағдылы тіршіліктің өзгеге байқала бермейтін сыр-иірімдерін дөп басатын Дүйсенбек Қанатбаев Төлеген Айбергеновтің өлеңдерін оқығанда өзгеше бір күйге енуші еді.

Жазушы, ақын, аудармашы Дүйсенбек Қанатбаевтың дауысын хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.