Буын ауруы жайлы не білесіз?

Буын ауруы – ғасыр індеттерінің бірі. Ревматологиялық ауруларды емдеу жер жаһандағы өзекті мәселе. Буын аурулары несімен қауіпті?
Қазақ радиосындағы «Бірінші байлық» хабарының қонақтары – Алматы қалалық ревматология орталығының жоғары санатты ревмотолог дәрігерлері Меруерт Мұратжанқызы мен Айнаш Сейдахметқызы осы сұрақтарға жауап берді.
«Ревматологиялық аурулардың негізгі белгілері: буын ауруы, сүйектердің ауруы, жалпы әлсіздік, таңертен тұра алмау.
Ревматологиялық ауруларды алып келуші факторлар өте көп. Атап айтқанда: күйзелістік жағдайлар, тамақтану үрдісінің және көп қозғалыстың болмауы да әсер етуі мүмкін.
Буын ауруы буындық шектеулерге алып келеді. Буындық шектеу болғандықтан, адамдардың қимыл қозғалысы шектеледі. Бұл ерте мүгедектікке алып келуі мүмкін. Сол себепті өте қауіпті», - дейді мамандар.
Буынға пайдалы 5 тағам түрі:
1. Тәтті бұрыш – оның құрамында шеміршекті қоректендіретін, қан тамырларының жұмысын жақсартатын аскорбин қышқылы бар.
2. Сарымсақ пен жабайы пияз қабынуды басады.
3. Саумалдық (шпинат) пен ақжелек (петрушка) құрамындағы К дәруменінің арқасында терінің жаңаруына септігін тигізеді.
4. Шие құрамындағы белсенді заттар ағзадағы тұздың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді.
5. Жас қозының сүті мен ірімшігінде кальций мөлшері көп болады. Әсіресе күн астында көп жүретіндер үшін аса пайдалы.