Әубәкір Ысмайыловтың «Алтын қордағы» дауысы
Қазақ радиосындағы «Дәуір үні» хабарынан кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың «Алтын қордағы» дауысы тыңдарманға жол тартты.
Әубәкір Ысмайылов 1910-шы жылы Қарағанды өңірінде дүниеге келген. Бес жасында-ақ оның сурет өнеріне деген бейімділігі байқала бастайды.
Әубәкір Ысмайылов бірнеше тарихи суреттерді өмірге әкелді. Соның бірі «Қорқыт ата» суреті. Әубәкір Ысмайылов өтірік суретшілердің қаптап кеткенін ашына айтқан. Соның салдарынан қазақ билері мен батырларының шын бейнесін ашып бере алмай жүрміз деп қынжылатынды.
Әубәкір Ысмайыловтың жастық шақта салған суреттерінің көбі сақталған жоқ. 1928-29-шы жылдары қылқалам шеберінің «Бетпақдаладағы аңшы» мен «Сарысу алқабы» атта акварелі мен ауыл кедейлерін бейнелеген 20-ға жуық суреті көрмеде көрсетілген еді.
Әубәкір Ысмайлов 80 жасқа толғанда Қазақ радиосына сұхбат беріпті.
Суретшінің сұхбатын хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.