Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Гүлзира Бөкейханқызы: Ұстазым өнерлі болудан бұрын адам болуды үйретті

Гүлзира Бөкейханқызы: Ұстазым өнерлі болудан бұрын адам болуды үйретті

«КСРО-ның Халық әртісі Роза Жаманованың шәкірті болғанымды мақтан тұтамын. Ол кісі маған өнерлі болудан бұрын адам болу керек екенін жиі айтатын. «Әншінің мәртебесін асыратын да оның тыдаушылары, халқы»,- дейтін. Сол ақылы өзімнің өмірлік ұстанымыма айналды. Анам да «Бетегеден биік, жусаннан аласа бол»,- дейтін. Сондықтан әрқашан халқыма, өнеріме адал болудан танған емеспін». 

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасына сұхбат берген Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының орындаушысы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Гүлзира Бөкейханқызы осылай деп сыр бөлісті.

«Өнерге әркімнің бар таласы» демей ме дана халық. Қазір әнші болуды армандайтындар көп. Ал, өнер құдіретті, әрі киелі. Ол кез-келгенге есігін аша бермейді. Онда сұлу сазға бөленген ғашық жүректі өнер иесіне ғана жол ашық. Қанша жерден талантты болсаң да көп еңбектенуді қажет етеді. Адамда ең бірінші талант болуы керек. Әнші музыкалық білім жинаған сайын алға жылжиды. Сосын, әр әншінің өзінің дауыс ерекшелігі, музыкалық тембрі болуы керек. Біреуді барынша қайталамаған дұрыс»,- дейді Гүлзира Бөкейханқызы.