Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жуық арада Қазақстан Қырғызстанға бензин жөнелтуді бастайды

Жуық арада Қазақстан Қырғызстанға бензин жөнелтуді бастайды

Алдағы уақытта Қазақстан Қырғызстан мен Ресейге бензин жөнелтуге әзір. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанада өткен кездесуде айтты.  

«Бензин импорттайтын ел ретінде біз Ресеймен арадағы келісімнен кейін Қырғызстанмен уағдаласпақ ойымыз бар. Сөйтіп біз экспорттаушы ел боламыз. Ол келесі айда жүзеге асыруы мүмкін», - деді министр.

Қазақстандағы бензин қоры 352 мың тоннаға жуық.

«Мұнай өнімдерінің бағасы түрлі факторлардың әсерінен қысымға ұшырайды, бірақ, отандық мұнай өңдеу зауытын жаңғырту арқылы бензинге деген қажеттілік толығымен жабылды: Біздің елдің мұнай қоры жеткілікті. Осыған орай мұнай бағасының көтерілгеніне қарамастан бір литрдің бағасы 160-тан 155 теңгеге дейін төмендегені байқалады», - деді ҚР Энергетика министрі.

Еліміздегі дизель отыны мен бензин Ресейге экспортталатындығына байланысты жанар-жағар май тапшылығы туындауы мүмкін. Осыған байланысты, Энергетика министрлігі ресурстың меншік иелерімен бірлесе отырып, нарықтағы мұндай жағдайдың алдын алу шараларын әзірлемек.