Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әскерилер жарысы

Әскерилер жарысы

Қарашаның 21 мен 24 аралығында Астанадағы «Дәулет» тенис орталығында әскерилер арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтуде. Бұл спорттық шараның өтуіне мұрындық болған ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы. 

Бұл жарысқа үздік әскери спортшылар қатысып жатыр. Олардың қатарында Молдовада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында топ жарған ҚР Қарулы күштерінің аға лейтенанты Вадим Федосеев та бар.

Айта кетерлігі, жарыстың шешуші жекпе-жектерінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың өзі көрермен болады.

«Бұл жарыс биыл төртінші мәрте өтіп жатыр және де ол ерекше болмақ»,-деді ҚР Қорғаныс министрі спорт комитетінің басшысы Айталап Құрғамбаев.

Оқиға орнынан ақпарат таратқан «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жаңалықтар қызметінің журналисі Данияр Туралимов.

Сурет abctv.kz сайтынан алынды.