Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Самғау Нәсіпхан: Шебер болу үшін талғам мен заманауи білім керек

Самғау Нәсіпхан: Шебер болу үшін талғам мен заманауи білім керек

Қазақ халқы аяқкиімді өте ертеден-ақ қажетіне қарай тігіп, пайдалана білген. Етікшілік өнердің дамып, өркендеуіне байланысты етікші шеберлер аяқ киім түрлерін олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты түрлендіріп отырды. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған талаптарға байланысты қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлерге бөлінді.

Бүгінде осы саланы табыс көзіне айналдырған «Самғау» аяқкиім шеберханасының негізін қалаушы, жас шебер Самғау Нәсіпхан кәсіпкерліктің қыр-сыры, етікшіліктің қызығы мен қиындығы жайлы «Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді:

«Істі қалай аяқтау емес, қалай бастау бәрінен маңызды. Бұл іске бар ынта, қажыр-қайратыммен кірістім. Бір ізге келтіріп, бастап кетуіме Бекболат Тілеухан сынды ағалаларымыз себепші болды. Бір ғалым кез келген істе нәтижеге жету үшін кемінде 10 мың сағат жұмыс істеу керек деген екен. Бұл сөздің мағынасы жалықпай, көп еңбектену керек дегенге саяды. Сол сияқты етікшілік кәсібін дамытуға да қажырлылық, күш-жігер, талғам мен заманауаи білім керек»,- дейді етікші Самғау Нәсіпхан.

Толық ақпарат "Құтты қонақ" бағдарламасының мұрағатында.