Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жасанды түсік: Әдеп пен әлек

Жасанды түсік: Әдеп пен әлек

Әр күннің басты жаңалығын сараптайтын Қазақ радиосындағы «Өз сөзім» хабарының кезекті саны қоғамда қызу талқыға түскен 16 жасқа толған қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға заңмен рұқсат беру мәселесі төңірегінде болды. 

«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 16 жасқа толған қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға заңмен рұқсат беруді ұсынып отыр. Сөз жоқ, бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды. Заңды қабылдайтын Парламент депутаттары да өз көзқарастарын білдірді. Көпшілігі қарсы. Министрліктің «бұл халықаралық ұйымдардың кеңесі» деген уәжін қабылдамай отыр. Олар алдымен адамгершілік болуы қажет деген талапты жоғары қояды. Дегенмен, Министрлік те бұл ұсынысты бекер айтқан жоқ. Себеп неде? Талдап көрсек. Бұл дау Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаеваның мәжілісте өткен кездесудегі ұсынысынан басталды. Оның пікірінше, егер 16 жасқа толғандарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға мүмкіндік берсе, бұл кәмелетке толмағандар арасында қажетсіз жүктілікке жол бермейді екен. «Жасөспірімдер 16 жастан бастап, өз бетінше шешім қабылдайтын болады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазір аяқ асты бала көтеріп қалған қыздар көбейіп барады. Ал осы заң арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік болады»,- депті вице-министр. Әрине, вице-министрдің логикасы өзім үшін өте қызық. Біріншіден, вице-министр мәселенің себебімен емес, салдарымен күресуді ұсынып отыр. Себеп шешілмей, мәселенің нәтижесімен алысу ешқашан тиімді болмаған. Екіншіден, 16 жасқа толған қыз – ол мектеп жасындағы оқушы. Қалғандары колледж студенті. Егер, айталық, мектеп оқушысының аяғы ауыр болып қалған жағдайда, ол түсік жасатқысы келеді. Алайда, оны ата-анасынан жасырғысы келсе, онда іс насырға шаппай ма? Өйткені дәрігерге жүгінетін қажет ақшаны ол қайдан алмақ? Түсік жасатқанның өзінде кейін біраз уақыт күтілім қажет. Оқушы оның барлығын әке-шешесінен қалай жасырады? Ал егер түсік жасату кезінде қандай да бір қиындық туындап, қыз денсаулығына қауіп төнсе ше, ата-ана оны да білмеуі тиіс пе? Яғни, вице-министр осы процестегі қатерлерді қалай ескермей айтып отырғаны түсініксіз»,- дейді хабар авторы Нұрмұхамед Байғара. 

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Өз сөзім» хабары әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 20:00-де Қазақ радиосынан беріледі. 

Сурет kakimenno.ru сайтынан алынды.