QAZFORUM 2018: IT Сарапшы тәжірибесімен бөлісті

QAZFORUM 2018: IT Сарапшы тәжірибесімен бөлісті

Астанада қазақ тілді контент жасаушылардың QAZFORUM2018 3-ші форумы өтті. Шараға журналистер, медиа сарапшылар, блогерлер қатысты.

Биыл ұйымдастырушылар форум атауын өзгерткен. Өткен жылдардағыдай қазақ тілді сайттарға ғана көңіл аударып қана қоймай, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, интернет-платформалардағы контент мәселесін де қозғады.

Іс-шара аясында 4 тақырыпта сессия өтті. Олар «Контент басқарудың заманауи технологиялары», «Ақылды журналистика: шынайылықтың медиалануы», «Хайп-мәдениеті феномені», «Келешек трендтерге шолу» деп аталады.  

Форум аясында IT-сарапшы, медиа-жаттықтырушы Тимур Бектұр алдағы уақытта медиа саланы не күтіп тұрғандығы жайлы ойларымен бөлісті. Тәуекелдер мен қауіптер, трендтер мен технологиялық жаңалықтарға тоқталды.

IT-сарапшы, медиа-жаттықтырушы Тимур Бектұрдың QAZFORUM 2018-де айтқан тезистері:

• Қазақ тілді контентті дамытудың бір жолы - сегменттік сайттарды ашу. Мәселен, медицина, тарих, география сияқты түрлі салаларға арналған сайттардың саны мен сапасын арттыру;

• Бүгінде бізге ақпараттық емес, сараптамалық материалдар негізіндегі сайттар қажет;

• Сапалы контенттің алғашқы қадамы – мақсатты аудиторияны зерттеу. Ал бізде тұтынушыны зерттеу жоқтың қасы. Сайттардың көпшілігі аудиторияға контент үшін емес, жарнама үшін аналитика жасайды, зерттейді.

• Біз 4-ші өндірістік революцияның табалдырығында тұрмыз. Бүгіннің өзінде өмірімізде 3Д принтер, жасанды интеллект, пилотсыз басқарылатын құралдар бар.

• Адам емес роботтар қызмет ететін заман жақындап келеді. Ғалымдар қазір адам роботқа құл болып қалмау үшін жасанды интеллект этикасы ұғымын зерттеп жатыр.


Толық ақпарат аудионұсқада