Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлға ұлағат әкеден

Ұлға ұлағат әкеден

Әкелер одағы – қоғамда әке рөлін нығайту, отбасы діңгегі – әке екендігін өскелең ұрпақ пен ер азаматтардың санасына жеткізу мақсатында жұмыс жасайды.

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатттың тұжырымдамасы жасалған болатын. Бүгінде осы тұжырымдама аясында біршама жобалар іске асырылуда. Соның бірі бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасының тірегі әкелер институтын дамыту және үлгілі әкелерді насихаттау.

Қазіргі таңда елімізде 5,5 миллиондай бала бар. Барлығы бірдей толық отбасыда тәрбиеленіп жатпағаны анық. Республика бойынша 370 мыңнан астам бала бүгінде алимент алмайды екен. Балалардың 23%-на ғана тұрақты алимент төленеді. «Қалған әкелер қайда, ер азаматтар әйелдерге неге қол көтереді, балалар тәрбиесіне неге қатыспайды?» сынды сұрақтар көп айтылып, қоғамдағы әке беделін төмендеткені рас. 

Осы сұрақты шешу маұсатында әрі «ұл балаға ұлағат әкеден» деген ұстаныммен Қазақстанда белсенді әкелер күшімен «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды. «Әкелер одағының» мақсаты, тиімділігі, қызметі жайлы Қазақ радиосының «Атымтай» бағдарламасында айтылды. 

Толық ақпарат бағдарламаның аудионұқсасында.

Сурет aikyn.kz сайтынан алынды.