Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қанат Ислам жастарды қолдауға шақырды

Қанат Ислам жастарды қолдауға шақырды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Астанада, "Дәулет" спорт кешенінде олимпиада чемпионы Бахтияр Артаевтың қолдауымен кәсіпқой бокс кеші өтеді.  Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы Қанат Ислам бокс кешіне жастарға қолдау көрсету үшін арнайы келді.

Бүгін "Шалқар" радиосына сұхбат берген Қанат Ислам бұл бокс кешінің маңызы мен мақсаты жайлы былай деді:

«Тәуелсіздік күніне орай өтетін жекпе-жектің негізгі мақсаты – қазақ еліндегі кәсіпқой боксты дамыту. Әуесқой бокстан ел ішінде өтетін чемпионатқа әр облыстан кемінде 4-5 мың жас қатысады. Қазақстан біріншілігіне 200 адам қатысса, соның 30-дан астамы ғана құрамаға ілінеді. Ал қалған жігіттер 4 жылға дейін бос жүреді деген сөз. Ұсақ-түйек ауыл арасындағы жарыстарда ғана төбе көрсетеді. Солардың арасынан бірнешеуі ғана олимпиадаға барса, қалғандары қайтеді? Күзетші болады, көшеге шығады... Не істейді басқа? Олардың бәрінде бірдей Америкаға шығу мүмкіндігі жоқ. Жастар үшін бұл тым қол жетпес дүние. Неге сол талантты інілеріміз әлемдік сұранысқа ие кәсіпқой бокста жүрмейді? Тәуелсіз еліміздің арқасында біз өзімізді, елімізді әлемге таныта аламыз, бізде мүмкіндік көп. Сондықтан біз кәсіпқой бокста да мемлекетіміздің айбынын асқақтатып, көк туымызды биікке көтеруіміз керек. Осы мақсатта өсіп келе жатқан жастарға қолдау көрсетіп, олардың жағдайын жасау – біздің міндетіміз».