Басыңыз ауырса...

Бас ауырып, дене қызуы көтерілгенде алдымен дәрігерге емес, бірінші кезекте дәріханаға барамыз. Цитрамон, анальгин, аспирин. Бұл дәрілер әр үйдің қобдишасынан табылады. Оларды аптасына 3-4 рет міндетті түрде тұтынамыз. Ендіше, аталған дәрілерде көп пайдаланған жағдайда, нені ескеру керектігін айтып өтейік. Естеріңізде болсын! Бүйрегі және асқазаны ауыратын жандарға мүлде тұтынуға болмайды. Сонымен қатар, жатар алдында ішпеңіз. Өйткені, ішкі ағзаларға көп мөлшерлерде ісік пайда болуы мүмкін. Кез келген дәрінің құрамында аз мөлшерде қышқыл болады. Сондықтан да, дәріні бас ауырған сайын ішу, оған тәуелділікті күшейтеді.
Жүкті әйелдерге дене қызуы көтерілгенде ішетін дәріні мүлде тұтынуға болмайды. Дәрілер ауырсынуды уақытша ғана басатынын да естен шығармаңыз.
Дене қызуы сәл көтерілсе, бірден дәрі ішуге асықпаңыз. Дәріден бұрын суды көбірек ішіңіз. Бойдағы ыстықты қайтарады. Баланың дене қызуы 38.5, ал ересек адамда 39-дан жоғары болған кезде ғана емдом жасау керек.
Сондай-ақ, дәріні сүтпен мүлде ішуге болмайды. Себебі, сүт дәрі құрамындағы қышқылды еріте алмайды. Аурудың бірін емдеймін деп екіншісін басыңызға тілеп алмаңыз.