Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биылғы жыл жемісті жыл болды

Биылғы жыл жемісті жыл болды

Жалпы алғанда 2018 жыл Ұлттық олимпиадалық комитет үшін жемісті әрі жаңашылдыққа толы жыл болды деуге болады. Мәселен, 2018 жылы Қазақстан Республикасында спортты қаржыландыру мәселесінің жаңа жүйеге көшуіне байланысты заңға өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес, Ұлттық Олимпиадалық комитет елімізде олимпиадалық спорт түрлерін дамытумен айналыса бастады, яғни, Ұлттық құрама командаларының дайындығы толықтай Олимпиадалық комитеттің құзырына өтті.  

«Биылғы жылы үш бірдей кешенді жарыс өтті. Оның алғашқысы қаңтар, ақпан айларында Оңтүстік Корея елінде өткен Пхенчхан олимпиадасы болды. Қысқы ақ Олимпиадада біздің спортшылар бір қола медальді місе тұтқан болатын. Жалғыз медальды фристайл-могулдан Юлия Галышева алған еді. Кейін Қазақстан үшін тағы бір маңызды жарыс Индонезияда өткен Жазғы Азия ойындары болды. Сол Азия ойындарында ел спортшылары біраз жетістіктерге қол жеткізе алды. Айта кету керек, байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спортшылардың 50 пайызы жас спортшылар болды. Тәжірибенің аздығына қарамастан, олар медальдарға қол жеткізе алды. Сол Индонезиядағы жарыста әдеттегідей тек бокс және күрестен ғана емес, сондай-ақ, басқа да спорт түрлерінен спортшыларымыз үздіктер қатарынан табылды. Одан кейінгі кешенді жарыс Аргентинаның астанасы Буэнос-Айреста өткен жасөспірімдердің жазғы олимпиада ойындары болды. Сол сайыста да қазақ елінің спортшылары намысты қолдан бермей, жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, велоспорттан ел спортшылары айқын басымдықпен жеңіске жетіп ел қоржынына алтын медальды салған еді. Ескек есуден де Қызылордалық спортшымыз алтын алды»,-деді ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми өкілі Жігер Әзбергенов.

Сурет olympic.kz сайтынан алынды.