Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұялы телефондардың 80 пайыздан астамы тіркеуден өтті

Ұялы телефондардың 80 пайыздан астамы тіркеуден өтті

Елімізде ұялы телефондардың 80 пайыздан астамы IMEI-коды бойынша тіркеуден өткен. «Кселл» АҚ-ның мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі сарапшысы Аслан Абжақов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осылай деді.  

Оның айтуынша, азаматтар 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін құрылғыларын IMEI-код, SIM-карта, тұлғаның ЖСН-і (Жеке сәйкестендіру нөмірі) бойынша тіркеу керек. Тіркеу тегін жүргізіледі. Қазақстан Республикасы аумағында роуминтік тәртіпте қолданылатын және машинааралық өзара байланысқа арналған абоненттік ұялы байланыс құрылғылары тіркеуге жатпайды.

Ұялы телефондарды тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімдеріне барудың еш қажеті жоқ. Бар болғаны, қалта телефоныңызды онлайн режимде немесе SMS арқылы тіркей аласыз. Ол үшін қолданыстағы телефонның IMEI-кодын және жеке куәлік нөмірін білсеңіз болғаны. Тіркеу онлайн немесе байланыс операторының кеңсесінде жүргізіледі. Ал, егер ұялы телефонның нөмірі тіркелмеген немесе басқаның адамның атында болса, өзіңізге ауыстыру керек. Әйтпесе, байланыс құрылғыңыз бұғатталып қалуы мүмкін.

Жыл басынан бері елімізде 40 мыңға жуық қалта телефоны қолды болған. Мамандардың сөзіне қарағанда, IMEI-коды бойынша тіркеу дұрыс жүргізілсе елімізде ұялы телефондар ұрлығы түбегейлі жойылады. Себебі, жүйе енгізілгеннен кейін ұялы телефон кімнің атына тіркелгенін білмей, оны қолдану мүмкін болмайды. Яғни, телефонға заңды түрде тіркелген сіздің SIM-картаңызды алып тастап, басқасын салған кезде, ұялы телефон іске қосылмайды.

Ақпарат беруші «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі Жаңалықтар қызметінің жетекшісі Ақерке Нұрмұхамед.