«Қайырымдылық керуені» жолға шықты

ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жылды қайырымдылық күнтізбесін жариялап, соған сай игі шараларды жоспарлаудан бастады.
«Мейірімділікпен бірлікке» атты ұранды ту еткен қайырымдылық акциясы басталып та кетті. Ұлттық дәстүрді дәріптеп, жаны жабырқаған жандарды қуантуға арналған шара Астанадағы Достық үйінде өтті. Жағдайы төмен жандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын «Қайырымдылық керуені» республиканың өзге де аймақтарында жалғасады.
Адамдардың жүрегіне жылу сыйлаумен қатар, дәстүрді дәріптеуге негізделген акция әр айдағы мерекелер мен атаулы күндерге, жыл мезгіліне сай жоспарлаған. Мысалы, қаңтар айы «Сарқыт» деп аталады.
Студия қонағы – ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Ыдырысқызы.
Толығырақ хабардың аудио нұсқасынан тыңдауға шақырамыз!