Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

WhatsApp кей смартфондарда жұмыс істемейтін болды

WhatsApp кей смартфондарда жұмыс істемейтін болды

WhatsApp әлеуметтік желісі кей смартфондарда жұмыс істемейтін болды. Оған дәлел, 1 қаңтардан бастап WhatsApp мессенжері Nokia S40 операциялық жүйесінде жұмыс істеуін тоқтатты. Ал 2020 жылдың 2 ақпанынан бастап WhatsАpp тағы екі танымал операциялық жүйеде жұмыс істемейтін болады, олар – 2.3.7 нұсқадағы Android және iOS 7. Енді аталмыш операциялық жүйені қолданушылар жаңа аккаунт аша алмайды. Бұл телефондарда мессенджер де істемеуі ықтимал, себебі, WhatsАpp аталған операциялық жүйелер үшін бағдарлама жасауды доғаруды жоспарлап отыр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында информатика сабағы 2019 жылдан бастап 1-сыныптан оқытылады. 2017-2019 жылдары барлық мектепті кең жолақты интернетке тегін қосуға қаржы қарастырылған. Бұл ретте кейбір өңірлерде мектептердің кабельдік интернетке қосылмауына байланысты 2017 жылы 2756 мектеп, 2018 жылы 460 мектеп спутник байланысы арқылы интернетпен қамтамасыз етілді. Білім беруді цифрландыру аясында мектептердің 95 пайызы интернетке қосылатын болады», - деп айтқан болатын Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева. Оның сөзіне қарағанда, Оқушылар сарайлары мен 3 мың мектепте робототехника бойынша элективті курстар енгізілді. Робототехника кабинеттерін жабдықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Еске сала кетейік, 2018 жылы информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылатын.

Осы және өзге де технологиялық жаңалықтар Қазақ радиосының «Қай тех» хабарында айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Қай тех» хабары әр аптаның жексенбі күні сағат 9:35-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.