Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қайырымдылық керуені» өңірлерде жалғасын табуда

«Қайырымдылық керуені» өңірлерде жалғасын табуда

Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер – соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады, - дейді дана халқымыз. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы 2015 жылдан бастап ұлан-байтақ жерімізді түгел қамтыған қайырымдылық іс-шараларын үздіксіз өткізіп келеді.

Ассамблеясының жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке үндейтін игі істері республикамыздың бар аумағын қамтып, бұл үрдіске өз үлестерін қосқан жомарт жандар мен меценаттар қатары да күн санап артуда. 


2019 жылға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» атты іс-шаралары Астанадан бастау алып, өңірлерде жалғасын табуда.


«Қайырымдылық керуені» осы жылы «Мейірімділікпен бірлікке!» ұранымен өтетін болады. Аталған қайырымдылық акциясы бір жылға созылып, ай сайын қазақ ұлтының әдет-ғұрыптарымен ұштастырылады. Қаңтар айында «Сарқыт» атауымен өтіп жатқан қайырымдылық іс-шарасы ақпанда – «Сыбаға», наурызда – «Шашу», сәуірде – «Асар», мамырда – «Қамқор», маусымда – «Тоқымқағар», шілдеде – «Ерулік беру», тамызда – «Жылу», қыркүйекте – «Көрімдік», қазанда – «Бата», қарашада – «Бес жақсы», желтоқсанда – «Кәде» деген атаулармен өткізілетін болады.

Бұл туралы Қазақ радиосының «Атымтай» хабарында айтылды.

«Атымтай» хабары әр аптаның жұма күні сағат 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.