Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бір үзім нанға зәрумін...

Бір үзім нанға зәрумін...

 «Мың алғыс» хабарының бүгінгі шығарылымы Гүлзат Әжіғұловаға арналды. 

Ол Астана қаласының тұрғыны. Бір күні туған-туысын жағаласа, енді бір күні қоғамдық орындарда, вокзалда, аялдамаларда түнеуге мәжбүр. Денсаулығы да сыр беріп жүр. Қан қысымы үнемі жоғары. Күнара жедел жәрдем шақырып, медициналық көмекке жүгінеді. Бір рет инсульт, екі рет инфаркт алған. Соның салдыранан бір көзі көрмейді, есте сақтау қабілеті де күн санап төмендеп барады. Мүгедектікке құжат дайындауда. Дәрігерлер 3 келіден артық салмақ көтеруге болмайтынын ескерткен. 

Қиын сәтте тіреу болатын азаматы қазір бірге тұрмайды. Үш ұлын жалғыз өзі асырай алмайтындықтан тұңғышы нағашыларының, кенжесін әкесінің тәрбиесіне берген. Ортаншы ұлы студент, өзінің қолында. 

Кез келген ана бауыр еті баласының қанатының астында, көз алдында жүргенін, жақсы өмір сүргенін қалайды. Тағдыр тәлкегіне тап болған Гүлзат эфир бойы көз жасын тыя алмады. Көптің алдына шығып, көмек сұрау да оңай болмады. Қамкөңіл анаға қамқорлық көрсетейік! 

Гүлзат Әжіғұлованың ұлы Әділбек Амантайұлының атына ашылған есепшот:

HALYK BANK: 5354 5100 5254 9721

QIWI ӘМИЯН: 87079687918

Толық ақпарат хабар мұрағатында.

Хабардың редакторы Амангүл Ермекқызы.