Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әже бейнесі – ұлт дәстүрінің алтын арқауы

Әже бейнесі – ұлт дәстүрінің алтын арқауы

Қонақпен еріп құт келеді. Алты аласы, бес бересі болмаса да үйге келген адам – ол қонақ.

«Шешем де, әкем де мемлекеттік қызметте болды. Үйге көп қонақ келетін. Солардың атын жайлайтынбыз. Қонақ күт, қонаққа көрпе жайсаң өзіңе де жайлы болады деп үйретіп кеткен әжем», - дейді ақын Қуаныш Мақсұт Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарына берген сұхбатында.

«Қайда жүрсем де жанымнан тастамай алып жүретін маған өте ыстық дүние бар. Ол күміс тісшұқуыш. Оған екі жүз жылдай болған. Ол – әжемнің көзі»,- дейді ақын.

Иә, әжесінен қалған дүние аз емес, бастысы ол рухани қазына. Қыз Жібек дастанын жатқа айтатын Сақыпжамал әже немересін ауыз әдебиетімен сусындатты. Ұлттық ойындарды үйретті. Салт-дәстүрдің барлығын әжесі айтқан әңгімесі, көрсеткен өнегесі арқылы білді.

Қуаныш Мақсұт әжесі Сақыпжамал Зүбәйләқызының ұрпақ бойына сіңірген сан тараулы тағылымы туралы әсерлі әңгіме өрбітті.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы - Альмира Елімсары.

«Әжемнің әңгімесі» хабары әр аптаның сенбі күні сағат 14.30 да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.