Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Би өнерінің жұмбақ сырлары

Би өнерінің жұмбақ сырлары

Хореографиялық «Нұрсәулемай» би ансмаблінің жетекшісі, биші Меруерт Аспандиярқызы Қазақ радиосының «Құтты қонақ» хабарында бидің қалыптасуы, жұмбақ сырлары жайлы сұхбат берді.   

Қазақ биі – ерте замманан ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрімізбен бірге қалыптасып келе жатқан үлкен өнер.

«Аңшы кісінің бейнесі, кигіз тігу – осы қимылдар биде көрініс тауып отыр. Мысалы, «Қос алқа» биі аңыз бойынша жас қыздың келін болып түскендегі кезін бейнелейді. Оның әдемілігін, шашының өрілуін, қыздың суға барғанын, шашбау таққанын көрсетеді. «Қос алқа» деп аталуының өзі екі жас келіннің арасындағы бауырмалдықты меңзейді. Екі қыздың бір үйгі келін болып түсіп, бір-біріне көмектесіп, қос алқа болғандарын жеткізеді», - дейді хабар қонағы Меруерт Аспандиярқызы.

Эфир барысында, Шара Жиенқұлова, Гүлжан Талпақова сияқты би өнерінің көрнекті тұлғаларының шығармашылығы да әңгімеге арқау болды.