Ғалымдар сумен жүретін автокөлік ойлап тапты
Жүкті әйелдерге арналған заманауи орталықтың ашылуы, бидайдың жаңа сортының пайда болуы, сумен жүретін көліктің шығуы сияқты қызықты жаңалықтар Қазақ радиосының «Су жаңа» хабарында айтылды.
Әлем ғалымдары сумен жүретін жаңа автокөлік ойлап тапты. Әзірге жалғыз данасы таныстырылған автомобиль жанармайдың орнына тұзды су пайдаланады. Өнертапқыштар бұл тапқырлықты жетілдіре түсуге ресми түрде рұқсат алды. Германияда жұмыс істеп жатқан компания бұл көлікті жолға шығарып сынап көрмек. Жылдамдығы, екпін алуы жанармаймен жүретін көліктерден кем емес. Жаңа автокөлікке сағатына 100 шақырымдық жылдамдық алу үшін бар болғаны 3 секунд жеткілікті.
Толық ақпарат аудионұсқада.
Нарықтағы жаңа трендтер жайлы ақпарат беретін «Су жаңа» хабары әр аптаның дүйсенбі күні сағат 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.
Сурет ktk.kz сайтынан алынды.