Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Аппақ әлем...

Аппақ әлем...

Қазақ радиосындағы «Сәуле-ғұмыр» хабарының кезекті саны ақын Жанар Нұрғалидың шығармашылығына арналды. 

Жанар Нұрғали 1974 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра ауылында дүниеге келді. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтады. 1998 жылы Қызылорда қаласында өткен ақын қыз-келіншектер жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанды. Ырғыз аудандық «Ырғыз» газетінде, республикалық «Алтын Орда» гезетінде тілші, облыстық Тілдерді дамыту басқармасында қызмет еткен. Журналистика саласында қызмет етіп, әдебиет әлеміне өз үнімен келген Жанар бұл күнде арамызда жоқ. Әйтсе де, «өмірім – өлеңім» деп өткен ақын жырлары оның есімін еске салып тұрары анық. 

ЖАЛҒЫЗБЫН… 

Жоқты аңсап, барды сезінбей,
Арманның құрып ындыны,
Іздейді екем өзімдей.
Қиялы аппақ жындыны,
Мойнымда тынбай сыңғыры,
Жазмыштың темір шылбыры. 

Дүние кезіп кетсем бе,
Ойдырып тасқа табанды, 
Ұға алмай өзің кеткенде,
Күнім де — айсыз қараңғы.
Тірілте алам ба өлеңмен
Жарамды «сен, сен!..» деп өлген. 

Сарғайып сіңіп сағымға,
Жалғандық әнін салғыздың,
Мен үшін меңіреу жаныңда,
Қалмаса мейір — қар, мұзбын.
Көйлегін киген сан күздің,
Көлеңкесі жоқ жалғызбын… 

«АЛАСАРМА!» ДЕП… 

«Аласарма!» деп,
Ай төсін кезетін мен деп жалғыз үн. 
Жоғалып кетсе, қайтесің,
Жер бетіндегі жалғызың?
Ұққансып Сені сөзіңнен,
Тақылдағанда жүз көмей, 
Ішінен мені көзіңмен,
Тұра алармысың іздемей?

Кеудеңе кенет енгенде,
Бір көктем менсіз «күз» дерсің,
Тірімде тұрмақ өлгенде, 
Еңіреп жүріп, іздерсің… 

СЕНІ ІЗДЕП ЖҮРЕМ… 

Қол алысайын арманмен,
Кеудемде менің жаншы үміт.
Ей, бала, кеттің, Алдар ма ең?
Жүрекке түйір тамшы іліп… 
Бақыт дегенім, сенгенім
Өңім түгілі, түс те емес.
Ақиқатым да, көргенім,
Балалық күнім – күшті елес. 
Әлдилер әсем әнімен, 
Өң менен түстің арасы.
Сені іздеп жүрем бәрінен,
Ауылдың қара баласы…