Ұлт рухын көтеру үшін не істеу керек?
Тарихсыз халық жоқ. Дүниежүзінің қай елінде болмасын жоғары оқу орындарында алдымен тарихын оқытады. Неге? Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады.
Көрнекті түрколог, қырық жылдан бері түркі тарихын археологиямен, тарихпен, тілмен, әдеби жазба үлігілерімен байланыстыра зерттеп келе жатқан Қажаубай Сартқожа Қазақ радиосындағы «Көңіл көзі» хабарына қатысып, ұлт рухын көтеру үшін не істеу керек деген сауал төңірегінде ой қозғады.
«Халықтың рухын биіктетуде оның тарихи санасын қалыптастыру, яғни, тарихпен тәрбиелеудің үлесі өлшеусіз. Осы тұрғыдан алғанда көне түрік жазба ескерткіштерінің маңызы зор». 13 монография, 150-ден астам ғылыми- танымдық мақаланың авторы Қаржаубай Сартқожа ойын осылай топшылайды.
Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.
Хабарды дайындаған Альмира Елімсары.