Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Пайдалы ас

Пайдалы ас

Қарақұмық пен сұлы, күріш пен зығыр. Қандай ботқа пайдалы? Ботқаны неге таңертең жеу керек?   

Ең алдымен, ботқаны неге таңертең жеу керек, деген сауалға жауап берелік.

Кез келген дәнді дақылдың талшығы болады. Сол талшық көмірсуға бай. Дән ағзаға талшығымен бірге түскенде көмірсу ағзамызға бірден емес, ақырындап сіңеді. Ол күні бойы біздің күш-қуатымызды толықтырып отырады. Сондықтан да ботқаны таңертең жеген абзал.

Ботқаның дайын әрі тәтті қосылған түрлерін қолданбаған жөн. Неге шоколад сияқты тәттілерді жегенде қарнымыз тез ашады? Мысалы, ас содасын ыдысқа салып, үстіне ыстық су құйыңыз. Сонда сода бірден еріп кетеді. Тура осы сияқты қант та қанға тез сіңіп кететін болса, ағзадағы қант шектен тыс көбейіп кетеді.

Диетолог ұсынған пайдалы жармалар

Қарақұмық

Қарақұмықтың құрамында ақуыз бен темір көп. Сонымен қатар қарақұмықтың құрамында цироинизитол бар. Ол қан тамырларын қорғап, қорғаныс қабатын тудырады.

Ботқаны дайындау процесі өте маңызды. Егер ботқаны сүтке пісіретін болсаңыз, сүт дәннің бар пайдалы микроэлементін өзіне алады. Осы себептен сүт пен дәнді дақыл үйлесім таппайды. Сондықтан, ботқаны суға пісіріп, тұзсыз жеген дұрыс. Дегенмен, тұзсыз ботқа көп адамға ұнамайды. Мұндай жағдайда мөлшерден көп емес тұз қосып, бірақ қантсыз жеңіз. Дәнді буға пісіріп алғаннан кейін ғана сүт қосқан жөн.

Сұлы жармасы

Сұлы жармасынан дайындалатын ботқа пайдасы жөнінен екінші орында. Бір ескеретін жайт – 3 минут қайнаған суға салып дайындайтын ботқаны пайдаланбаңыз. Мұндай ботқа бірнеше сұрыптаудан өтіп, оның пайдалы микроэлементтері қалмаған. Сондықтан, ол тек көмірсу мен қант түрінде ғана ағзамызға түседі. Нағыз сұлы жармасы 8 минутта піседі.

Сұлыны суға қайнатпай, ыстық суға салып қойып дайындауға болады. Мұндай жолмен дайындалған таңғы ас – ең пайдалысы.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.