Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сапарбаев және басқалар

Сапарбаев және басқалар

Басы дау-дамайдан арылмайтын, артынан үнемі сөз еретін министрліктер көп емес. Соның көш басында – Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұр. Солай болуы заңды да. Себебі халыққа керегі – балаға сапалы білім беру, денінің сау болуы және қамсыз қарттық.

Шын мәнінде, қарапайым халық бетпе-бет келіп отырған мәселе көп. Оны көретіндер де, көзге ілмейтіндер де бар. Әсіресе, мұны осы салаға келген басшылар жан-тәнімен сезіне білуі тиіс. Оның жаны да, қаны да қазақ деп соққаны абзал. Себебі үйсіз-күйсіз жүргеннің дені – қазақ, жұмыссыз жүргеннің көбі – қазақ. «Басы ауырмағанның жанында балтырың сыздамас» демекші, анау шалғайдағы елді мекенде шиеттей бала-шағасымен «шықпа жаным, шықпа» деп күнелтіп жүрген отбасының ахуалы кімді алаңдатады? Ал тепсе темір үзетін жігіттердің қол қусырып, бос сенделіп жүргені ше? Демек, әлеуметті қорғау, бұл – ең алдымен қазақтың мәселесі,- дейді журналист Динара Мыңжасарқызы. Толығырақ «Түркістан» халықаралық газетінің 10-санындағы «Сапарбаев және басқалар» мақаласынан оқисыздар.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.