Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Головкин үздік бестікте

Головкин үздік бестікте

Головкин ең көп гонорар төленетін боксшылардың үздік бестігіне енді.  

Әлем бойынша теледидардан берілген боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 1933 жылы Лондонда орта салмақтағы Арчи Секстон мен Лори Райтери арасында болды. Содан бері теледидардағы тегін трансляциялар ақылы - pay-per-view деңгейіне дейін дамыды. Шын мәнісінде бүгінгі таңда жұлдызды боксшылар бір кеште-ақ байып кету мүмкіндігіне ие. Қазір миллион долларлық қаламақының жекпе-жегімен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Оған 2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін ең жоғары ақы алып келген боксшылардың бестігі дәлел бола алады. Сонымен, бесінші орында – Аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер – 16,1 млн$, төртінші орында әлем бойынша сегіз категориялы жалғыз чемпион Мэнни Пакьяо – 30 млн$, үшінші орында – орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин – 41 млн$ көлемінде табыс тапты. Сондай-ақ, 51,6 млн$ көрсеткішімен Энтони Джошуа екінші орынға жайғасты. Өткен жыл ауыр алмақтағы WBO, WBA және IBF чемпионы үшін табысты жыл болды. Ал, өткен жылдың көктеміндегі допинг оқиғасына қарамастан орта салмақтағы WBC/WBA чемпионы Сауль Алварес – 65 млн$ доллармен көш бастап тұр. 

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында. 

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз. 

Сурет ringside24.com сайтынан алынды.