Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы қызықты деректер

Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы қызықты деректер

ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында ғылымға ұмтылуымен көзге түскен Шәкәрімге ерекше ілтипатпен Абай былай депті: «Жасың 40-қа келгенде дін мен тарих салаларындағы біліміңді толықтыру мен кеңейту үшін мен сені шетелге жіберемін. Көне грек ғалымдарының еңбектерін Стамбулдан табасың, Киелі Мекке мен Медина сені ежелгі заманның араб ғылымының мирасымен байытады, Мысырда сен Александр Македонский салған кітапханада түрлі дәуірдің ғалымдарының шығармаларымен танысасың. Аталған 4 қалаларға сенің барып қайтуың қажет. Барлық шығындарды мен өз мойныма аламын». Алайда Абайдың және Құнанбайдың ұлдары мезгілсіз қайтып, Шәкәрім Абай айтқан жерлерді толық аралай алмаған. Абай өзі берген уәдені орындай алмағандығына қатты өкінген.

Бұл ардагер журналист Темірхан Момбекұлының «Қара шаңырақ» атты хабарынан алынды. Хабар Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбалары бойынша әзірленген екен. Ахаттың сөздерін жеткізуші Райымбек Сейітметов. Ақын жырларын толғаған Сауық Жақанова. Сол хабарды қайта өңдеп, «Асыл мұра» аясында әуе толқынына дайындаған Жанат Жанұзақ.

Толық ақпарат аудионұсқада.