Күйші Әлімхан Жүзбай Сәрсенғалидың күйшілігін Жанғалидан артық санағаны рас па, неге?
«Сал домбыраның» 3 сәуірдегі эфирінде қонақта күйші, өнерзерттеуші, «Шалқар» радиосының «Наридірген», «Күй шашу», «Ән домбыра» хабарларының авторы әрі музыкалық редакторы Сәрсенғали Жүзбай болды.
- Қарап отырсақ, аға буын күйші, жыршы, әншілерден Жаулыбай Иманалиев, Уәли Бекенов, Шәміл Әбілтаев, Жәнібек Кәрменов, кейін келе Берік Жүсіпов, Ерлан Рысқали, Сәрсенғали Жүзбай, Жасұлан Наурызбайұлы сынды ұлттық музыка өнеріндегі сұңғыла өнерпаздар журналист болып, ұлт музыкасын қазақ телевизиясы мен радиосында хабар жасап, дәріптеген. Сол ізбен келе жатқан күйші, өнерзерттеуші Сәрсенғали Жүзбайдың «Шалқар» радиосының эфиріндегі жұмысынан күйге көңіл бөлуіне уақыты бар ма?
- Қазақта «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Кемпірбайдың көгала үйрегі», «Үкілі Ыбырайдың түсіне енген қыз», бірнеше өнер иесінің түсіне кіріп «өлең керек пе, көген керек пе?» деп сұраған ақ сақалды қария туралы тылсым әңгіме бар. Мұның астарында қандай пәлсапа жатыр? «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, иа кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» деген Ахмет Байтұрсыновтың пікірі Жошы ханның ұлының өлімін ешқандай сөзсіз, «Ақсақ құлан» арқылы күй тілімен жеткізуі «сөзбен жеткізе алмаған дүниені күймен жеткізуге болады» деген кереғар пікірге меңзеп тұрған жоқ па?
- Сәрсенғали Жүзбай өзінің Шәкәрімге арнаған әнін неге композиторлық деп санамайды?
- Қаратау өңірінің толғау сарындас жыр күйлерінің Жәнібек Кәрменов, Бекболат Тілеухан, Ерлан Рысқалилардың орындауында дамып, жыр не толғау боп төгілуінің себебі неде? Келешекте дәстүр қылып жалғаған дұрыс па?
- Күйді бір естігеннен екінші тартқызбай, қағып алатын қазақтың құймақұлақтығы Сәрсенғали Жүзбайға қалай дарыды?
Осы және өзге де сұрақтарға ұлттық музыка білгірі, күйші, журналист Сәрсанғали Жүзбай сұхбат барысында жауап берген еді. Күйшінің күйі мен ойлы әңгімесін тыңдай отырыңыздар.