Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Экологиялық апат аймағы

Экологиялық апат аймағы

Былтыр Цифрлық даму, қор¬ғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағын экологиялық апатты аймаққа жатқызбайтындарын жария етті. Министрлік мәліметінше, отынның көп бөлігі әуеде жанып кететіндіктен, табиғатқа төнер айтарлықтай қауіп жоқ. 

Министрлік «Байқоңырға» экологиялық апат аймағы мәртебесін беруді артық деп тапқанымен, шын мәнінде, ғарыш айлағы мен маңындағы елдімекен тұрғындарын осыншама апат пен гептил «молшылығын» түк «сезінбей» отыр деуге келмес. 

«Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» журналының бас редакторы Нұрлан Әселқанның айтуынша, экологиялық зардапты азайту үшін алдымен ресейлік «Протон» зымырандары, яғни улы отын тұтынатын зымырандардан мәңгілікке бас тарту керек. Бұл жерде әңгіме гептил туралы.

Нұрлан Әселқан «Байқоңыр» ғарыш айлағын апатты аймақ деп санамайды. Оның тұжырымына сүйенсек, ғарыш айлағының ішіндегі ішінара нысандарды – апатты мекен деп байлам жасауға ғана болады. 

Ал белгілі эколог, Халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуамбеков «Байқоңырға» экологиялық апат аймағы мәртебесі берілуі керек дейді. 

Статистикаға сүйенсек, 1967-2010 жылдар аралығында 258 апат болған. Қоршаған орта қашанғы мұндай сынаққа төтеп бермек? 

Толық ақпарат «Медиа шолу» хабарында.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.