Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қобызын күңіренткен Қорқыт ата

Қобызын күңіренткен Қорқыт ата

Қорқыт ата шамамен VII ғасырда Сырдария өзенінің бойындағы бұрынғы Жанкент қаласында өмір сүрген. Кемеңгер тұлға дүниеге келмес бұрын анасы оны құрсағында үш жыл көтерген деген аңыз әңгіме бар. Ол дүниеге келгенде табиғат тылсымы ерекше күйге енген. Қатты боран соққан. Күн тұтылып, үш күн бойы күннің көзі көрінбеген. Қара тұман басқан. Сол себептен оған «Қорқыт» есімі беріліпті.  

Қорқыт туар кезінде,
Қараспанды су алған,
Қара жерді құм алған,
Ол туарда ел қорқып,
Ол туған соң қуанған.

Бұл шумақ әлі күнге дейін атақты қобызшылар мен бақсы, жыраулардың қобызға қосып айтатын сарындарының бастамасы болған.

«Тұңғыштар» хабарының спикері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Әлқуат Қазақбаев Қорқыт ата жөнінде құнды дерек табады. Ол – Сібірге жер аударылып, 1711-1722 жылдары Сібірдің тарихы, этнографиясы жөнінде материалдар жинаған швед офицері Табберт фон Иоган Страленбергтің сызған 1737 жылғы географиялық картасы. Картада Қорқыт ата мазары белгіленген. Бұл жайында толық ақпаратты аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Алмас Байдырахман.