Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әже – отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы

Әже – отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы

Қазақ поэзиясында әже бейнесін қайталанбастай сомдай білген ақындар жетіп артылады. Отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы әжелер жайындағы жыр шумақтарды оқи отырып, сол ақынның әжесi сенiң де, менiң де, оның да әжесi секiлдi әсер қалдырады. «Әжемнің әңгімесі» хабарына әжесіне деген махабаты мен мархаббатын жыр арқылы жеткізіп, әнге қосқан ақын сазгер Жанайхан Мұхтар қатысты.

Халық даналығында «аспанда ай ортақ, көкте күн ортақ» деген сөз бар. Жерде жақсы адамдар ортақ. Жанайхан Мұхтардың әжесі Мәкіш ана бір әулетке ғана емес, ауылға сыйлы болды. Көрген баққанын айтып отыратын жаны жайсаң, мәрттігі бір төбе кейуана. Ақын әрі сазгер ең алғаш туындысын әжесіне арнапты. Сөзі мен әнін өзі жазып, орындауын белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаевқа сеніп тапсырған көрінеді. 

«Жарқын жүздерінен шуақ шашылған, ақ жүректерімен дүниені нұрландырған ата мен әже – әрбір әулеттің алтын қазығы, түп-тамыры. Осыны естен шығармаған жөн»,-  дейді ақын Жанайхан Мұхтар.             

Мемлекеттің іргетасы – ол отбасы. Еліміздің тұғыры мықты болуы үшін оны құрайтын отбасы мықты болуы керек. Өмірін бір арнаға тоғыстырып, болашаққа бағыт алған отбасының басты қызығы да, қуанышы да – бала. Болашақ тізгінін ұстайтын, елінің ертеңі болатын, ата-ананың үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты тәрбелеуде әжелер академиясының орны бөлек.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың авторы әрі редакторы-  Альмира Елімсары,