Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жасыл экономика – болашақтың таңдауы

Жасыл экономика – болашақтың таңдауы

Жасыл экономика жайы әлемдік трендке айналды. Қазақ радиосының «Көңіл көзі» хабарында осы тақырып қозғалды. Хабарға Жасыл экономиканы қолдау мен G-GlobaL-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов қатысты. 

Жасыл экономика Қазақ елі үшін маңызды мәселелердің бірі. Себебі, болашақ ұрпаққа табиғи қорымызды тұтастай бұзылмаған күйінде қалдырғымыз келсе онда осы жасыл экономика принциптері мен элементтерін міндеттті түрде пайдаланып, қолдау керек. Мәселен, Қазақ жері көмір мен мұнай қоры жағынан әлемдегі ең озық мемлекеттер қатарында тұр. Көмірдің зерттелген қоры 650 жылға жетеді екен. Бұның сыртында зерттелмегені де бар. Мысалы, Германия да көмір өндіретін алпауыт мемлекет. Олар да өзінің экономикасын жасылдандыруға бұрып отыр. Өйткені, экологияға мән бермесек ертеңгі күн қиын болады. Ауа температурасы қалыпты жағдайдан бір жарым градусқа жоғарлайтын болса, онда үлкен қатер туындайды. Бұл тек Қазақ елі үшін ғана емес, жер шарына туындайтын қатер. Осы орайда елімізде жасыл экономикаға көшу туралы тұжырымдамасы қабылданған. Бұл туралы Асхат Сүлейменов айтып берді.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.