Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Журналистика мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтуде

Журналистика мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтуде

Сәуірдің 15-інен бастап Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Журналистика мамандығы бойынша студенттердің XI Республикалық «Ұлы дала ұлағаты» пәндік олимпиадасы өтіп жатыр. Екі күнге созылған білім додасына еліміздің әр аймағынан 17 команда қатысып отыр.



Бірінші кезеңде әр университет өз командасын таныстырды, студенттер эссе жазу бойынша бақ сынасты. Сайыс шарты негізінде қазылар алқасы өз бағасын беріп, пікір білдірді. Ұйымдастырушылар қала қонақтарына Павлодар қаласының көрікті жерлерін аралатты. Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының мешіті, Рәміздер саябағы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі студенттерге ерекше әсер қалдырды.

Бүгін, сәуірдің 16-сы күні, олимпиаданың екінші кезеңі басталды. Студенттер теориялық білімін тексеру үшін журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журналистика пәндері бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы журналистерге жедел ақпарат тарату.

Республикалық олимпиада жеңімпаздары түстен кейін белгілі болады.

Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.