Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Суды не үшін ішу керек?

Суды не үшін ішу керек?

Біз әдетте ертеңгілік астан бұрын бір кесе салқын су ішеміз. Ал қайнаған судың қаншалықты пайдалы екендігін көбіміз біле бермейміз.  

Ресми және дәстүрлі емес медицина суды міндетті түрде ішу керек деген пікірмен келіседі. Алайда қалай, қашан және қандай су ішу керек дегенде пікірлер екіге бөлінеді. Таза су көп жасаудың қайнар көзі. Сондықтан суды дұрыс ішу де маңызды болып табылады.

Адам ағзасы 60 –80 %-ға судан тұрады. Сапалы өмір сүру үшін суды көп мөлшерде ішу керек. Бірақ қанша мөлшерде ішу керектігін адам өзі шешеді. Ресми медицинаның айтуынша, суды қанша ішкіңіз келсе, сонша мөлшерде ішу қажет деп айтады.

Судың керекті мөлшері адам жынысына, жасына, салмағына, физикалық белсенділігіне, қоршаған ортаға және тамақ жеу тәртібіне байланысты. Статистикалық зерттеулерге қарағанда, ерлерге күніне 3,7л сұйықтық, ал әйелдерге 2,7 л шамасындағы су ішкен жеткілікті. Ағзаға түсетін судың күйі маңызды емес. Яғни шырын, шай, сорпа, жеміс-жидек пен көкөніс түрінде. Шығыс ілімі бойынша, мәңгілік жастықтың құпиясы нақ ыстық суда сақталған екен. Бұл қайнаған немесе жылы су емес, дәл 40-45 градус температурадағы су.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 9:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.