Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Клара Төленбаева: Нартайдың сырнайы әзірге үйімде тұра тұрсын

Клара Төленбаева: Нартайдың сырнайы әзірге үйімде тұра тұрсын

«Сал домбырада» хабарында әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Клара Төленбаева қонақта болды.

· Нартай мектебінің өкілі Құрманбек Бекпейісов Клара қарындасына Нартайдың сырнайын аманаттап тапсырған болатын. Сол сырнай қазір қайда? 

· Сырнаймен ән айту дәстүрі мақам-мәнеріне қарай әр аймақта әрқалай өзінің сара жолын салды: Нартайдың, Шашубайдың, Тайжанның, Майраның мектебі дегендей. «Кларадай әншінің жеке мектебімді ашсам» деген арманы қашан жүзеге аспақ? 

· Астанада сырнаймен ән салу дәстүрін жалғап жүрген – Клара Төленбаева, Қызылордада – Мұхамедали Құрманбекұлы Бекпейісов. Алматыдағы Консерватория мен Жүргенов атындағы оқу орнында кім бар бұл дәстүрден? 

· Кезінде сал-серілер өзінің кіндігінен тараған баласының өнер жолын жалғауын қалаған. Медет Салықов пен Клара Төленбаева – кәсіби музыканттар. Үш баласы да ән айтады. Қайсысының сырнаймен ән салуға икемі бар? 

· Зерттелер бойынша шығармашылықты шыңдаудағы күш-жігер 10 000 сағат болғанда ғана нәтижесін береді екен. Мысалы, әйгілі «The Beatles» /Битлз/ тобы күніне төрт сағаттан екі жыл бойы талмай еңбектенгеннің арқасында ғана танымалдылыққа, нәтижеге қол жеткізген. Бұл – еңбектің бәрін жеңетінін көрсетеді. Ал қазақ неге талантты бірінші орынға қояды? · «Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды»/ Әбіш Кекілбаев/ дегенге әнші Клара қалай қарайды? 

Осы және өзге де сұрақтарға толық жауапты Клара Төленбаевамен болған сұхбаттан біле аласыздар. Әншінің салған әндерін де тыңдауға, көруге мүмкіндіктеріңіз бар. 

Толық ақпарат видео және аудионұсқада.

Хабардың редакторы: Жадыра Жұмакүлбай.