Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Музыка – халықтың рухани қазынасы

Ата-бабамыздан қалған бай мәдени мұраны сақтап, қазақ елінің төл дәстүрін терең меңгеріп, халық музыкасы арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып жүрген – «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі «Құтты қонақ» бағдарламасында қонақта болды. Ансамблдің көркемдік жетекшісі, Тұңғыш Президент Елбасы қорының лауреаты, «Алаш Ұстазы» медалінің иегері, композитор Бауыржан Жаңбырбайұлы Ақтаев.

Ансамбль құрамындағы музыканттар домбыра, қылқобыз, нарқобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, шертер, даңғыра, дабыл, мүйіз сырнай сынды қазақтың көне халық аспаптарын жетік меңгерген. Құрылғанына аз уақыт болса да, ансамбль еліміздің үздік сахналарында өнер көрсетіп, өнер сүйер қауымның құрметіне бөленіп үлгерген.

Қазақ өнері мен мәдениетін насихаттау мақсатында музыкалық ұжым шетелдік гастрольдік сапарлары аясында Еуропа халқына Ұлы дала әуендерін таныстырып жүргендерін айтып, бағдарлама барысында талғамы биік тыңдармандарды орындау шеберліктерімен тамсандыра алды әрі Ұлы Жеңіс күніне арналған дәстүрлі мерекелік кештеріне шақырды.

Толық ақпарат видео және аудионұсқада.