«Үркер» романы

«Үркер» романы

«Үркер» – Әбіш Кекілбаевтың кіші жүз руларының Ресей Империясына қосылған кездегі жағдайын сипаттайтын көлемді тарихи романы. Роман мазмұны, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығармада талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер дәлелді де, әділетті де айтылған.

«Үркер» шығармасы негізгі төрт бөліктен тұрады: Тығырық, Елшілік, Арбасу, Айқас. Шығарманың барлық басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе белгілі билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке және басқалар әсте де ойдан шығарылған емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өздерінің істеріне қарай белгілі дәрежеде із қалдырған нақты адамдар, үлкенді-кішілі қайраткерлер.     

Бүгін «Көкжиек» хабарынан «Үркер» романының жалғасын тыңдай аласыздар.     

«Көкжиек» хабары бүгін 21:00-де Қазақ радиосының эфирінен беріледі.     

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.